Максимович: «Бес-алты күннен кейін «Валенсияға» ауысамын»
«Астананың» сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимович мансабын Испания чемпионатында жалғастырады.
21 жастағы футболшы сербиялық B92 порталына берген сұхбатында «қызғылт сарылардың» сапына ауысатынын растады.
- «Валенсияның» ұсынысына бірден келістім, себебі бұл үлкен клуб. Басқа да еуропалық командалар маған қызығушылық танытты, бірақ маған «жарқанаттардың» ұсынысы ұнады. Испания чемпионаты - мен үшін дұрыс шешім. «Астанамен» келісімім жарты жылдан кейін аяқталады, елордалық клуб менің трансферіме кедергі келтірмейді деген ойдамын. Бұйыртса, бес-алты күннен кейін «Валенсияға» ауысамын, - деді Максимович.
Қазіргі таңда, «Валенсия» Испания чемпионатында 15 турдан кейін 12 ұпаймен 17-ші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или