БАҚ Лига. Төртінші турға шолу

БАҚ Лига. Төртінші турға шолу

«Алматы» - «Жетісу»

Төртінші турдың алғашқы ойынында он гол соғылды. Талдықорғаннан келген қонақтар алғашқы минуттардан алға шығып, матч соңына дейін басымдығын сақтап қала алды. 

«Алматы» - «Жетісу» - 4:6

Годар: Келбетов Дархан 13', 31', 33', 38' - Өмірбеков Дәурен - 5', 10', 17'; Қыдырәлі Ризат - 19', Ушақпов Ерлан - 20', 23'

 

«Қаламгер» - «Болашақ»

«Болашақ» ойынның 8-ші минутында алға шыққан болатын. Бірақ, «Қаламгер» ойын тізгінін өз қолына алып, есепті өз пайдасына шеше алды. Матчтың соңына дейін «Қаламгер» төрт бірдей гол соғып,  үш ұпай еншіледі. 

«Қаламгер» - «Болашақ» - 4:1

Голдар: Ермек  Төрениязов - 15'; Е. Қараталов - 27', 33'; Қасымберкебаев - 35' - Ә. Абдрахман- 8'

Ескерту: Ж. Әшімжанов («Қаламгер»)

 

«Ұлттық арна» - «Нұрлы гол»

Тартысқа толы өткен матчта екі команда да басымдықты өз қолына алғысы келді.  Дегенмен, «Нұрлы гол»  ойын соңына дейін есеп айырмасын тек еселеумен болды. Қорытынды есеп - 1:4. «Нұрлы гол»  үш ұпай алды. 

«Ұлттық арна» - «Нұрлы гол» - 1:4

Голдар: М. Тәнібай - 20' - Е. Ержан - 10', 25', 33'; М. Қайыртай - 17'

Ескерту: А. Еспай («Ұлттық арна»)

 

 

Prosports - СДУ

Турдың орталық матчы осы ойын екені анық болған. Турнир кестесінде көш бастауға таласқан командалар, тартысты ойын көрсетті. СДУ алғашқы минуттарда алға шығып, соңына дейін бір доп басымдығын сақтап қала алды. 

Prosports - СДУ - 2:3

Голдар: А. Текенов - 32', Д. Кәрібаев - 34' - А. Келгенбай - 3', 27', 31'

Ескерту: Сейітов (Prosports)

Алаңнан қуылды: Баубек Хусайнов (СДУ)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или