«Астана» Чемпиондар лигасының жеңімпазымен кездеседі
БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиындары аясында «Астана» екі жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз-қызметі жазды.
Отандастарымыздың алғашқы қарсыласы Латвия чемпионатының ортаңқол командасы «Рига» болмақ. Бұл ойын 28 қаңтарда өтеді. Қазақстан чемпионының екінші матчы 31 қаңтарға жоспарланған. Бұл жолы елордалық командаға Оңтүстік Кореяның «Ченбук Хендэ Моторс» клубы қарсы тұрмақ. Бұл команда өз елінің қазіргі чемпиондары және азиялық Чемпиондар лигасының жеңімпазы саналады.
«Астананың» жиыны 15 қаңтар мен 1 ақпан арасында өтеді.
Айта кетейік, екі жыл бұрын «Ченбук» Біріккен Араб Әмірлігінде «Қайратты» 3:0 есебімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или