Марат Хайруллин «Атырауға» ауысуға жақын
32 жастағы жартылай қорғаушы Марат Хайруллин атыраулық клубқа ауысуға жақын, деп жазады KazFootball.kz.
Өткен маусымда футболшы «Оқжетпес» сапында ойнаған болатын. 27 ойын өткізіп, 8 гол соқты.
Жалпы біріншілікте Хайруллин 251 матчта 70 голдың авторы атанған. Қазандық футбол түлегі Қазақстанда 2007 жылдан бері ойнап келеді. Ол тоғыз маусым бойы «Ақтөбе» құрамында алаңға шықты. Айта кету керек, ол клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанған да болатын. Сонымен қатар, төрт мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ҚР Кубогын және үш рет Суперкубокты жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или