Гей және лесби спортшылар көбейіп барады

Гей және лесби спортшылар көбейіп барады

Бокс немесе басқа да  жекпе-жек түрлері бойынша сынға түсетін спортшылар көбіне қаһарлы, ер мінезді болып көрінеді. Бірақ солардың ішінде де біз күтпеген ашылулар болып жатады. Мысалы, осы спорт түрлерінің өкілдері арасында да бір жыныстық қатынасты дұрыс көретіндер бар және олардың сандары жыл сайын өсіп барады. Біз тек бокс пен UFC спортшыларын ғана қарастырып отырмыз. 

Аманда Нуньес

6419f17a17112f42cae00f248bd9b27a.jpg

Бірнеше күн бұрын ғана UFC-те Ронда Роузиді 48 секундта нокаутқа  жіберіп, әлем назарын өзіне аударған Аманда былтыр жазда жігіттерге қарағанда, қыздарды құп көретінін мойындаған еді. UFC чемпионы өзінің құрбысы әрі бапкері Нина Ансароффпен кездесетін болып шықты. Аманда 18 кездесу өткізіп, оның 14-ін жеңіспен аяқтаған. Қалған төртеуінде қарсыласына жол берді.

Кайл Кингсбери

9077b862bd90b569c1f6e9e7ecb82d28.jpg

UFC-дің тағы бір спортшысы 34 жастағы Кайл да өзінің гей екенін мойындады. Осыдан 2-3 жыл бұрын кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу барысында Кингсбери қызғылт түсті іш киіміне «Гейлерді заңдастырыңдар» деп жазып, тікелей эфирде көрсетті. Спортшының бұл әдісін сынағандар көп болды. Ал сол кездесуде ол қарсыласынан жеңіліп қалды. Жалпы алғанда, ол 17 жекпе-жегінің 11-де қарсыласынан басым түскен. Алты рет жеңіліп қалды.

Орландо Крус

c1ca1c9937f4634246a41eb8e7ef7c83.jpg

35 жастағы кәсіпқой боксшы осыдан бес жыл бұрын өзінің гомосексуалист екенін ашық жариялаған болатын: «Пуэрторикалық болғаным үшін қашан да мақтанамын. Сондай-ақ, гей болғанымды да мақтан тұтамын». Орландоның ашық сұхбаты осылай болды. Ол өзінің осындай жыныстық көзқарасын бапкерлері мен менеджері, сондай-ақ, туыстары құптайтынын айтады. Крус бокста өзінің гей екенін ашық айтқан алғышқы спортшы атанды. Орландо кәсіпқой бокста 31 кездесу өткізіп, 25-інде рингтен жеңімпаз ретінде шыққан. Бес рет жеңіліп қалса, бір рет қарсыласымен тең түсіпті.

Никола Адамс

e085660fcaca0bb08cc2f04bf132ba95.jpg

Бокста қыздар арасында да жыныстық көзақарсы дәстүрге сай емес спортшылар бар. Лондон және Рио Олимпиадаларының чемпионы Никола Адамс өзінің қыздарды жақсы көретінін ашық мойындаған. Адамс былтыр әлем чемпионатының жартылай финалында біздің Жайна Шекербекованы ұтқан болатын. Олимпиададан бөлек, Никола Еуропа чемпионаты мен Еуропалық ойындарда алтын медаль алған. Сондай-ақ, былтыр Астанада әлем чемпионы атанған болатын. Бұған дейін үш мәрте күміс жүлдені қанағат тұтып келген еді.

Лиз Кармуш

aae4efd0617b6b550b92a3b51575ec7c.jpg

UFC-де ең жеңіл салмақта сынға түсетін Лиз де өзінің «қыздарға құмар» екенін айтады. Ол жекпе-жектердегі ЛГБТ қауымдастықтың мүшесі саналады. Өз спортында осыны алғаш болып ашық айтқан спортшы да осы - Кармуш. Ол UFC-де 16 кездесу өткізіп, оның 11-де жеңіске жетсе, 5-інде жеңіліп қалған.

Джессика Андраде

241c305730b662819a0609b2adc3047f.jpg

ММА спортшысы өзінің жыныстық көзқарасын ешқашан жасырған емес. 25 жастағы Джессика жеке өмірінің спортқа бөгет болмайтынын айтады: «Маған әйелдер ұнайды. Бірақ бұл менің жекпе-жектерге шығуыма немесе жеке өміріме қиындық алып келген жоқ». Андраде UFC-дегі ең алғашқы жекпе-жегін тағы бір «қызға құмар» спортшы Лиз Кармушке қарсы өткізген болатын. Джессиканың айтуынша, ММА-да жыныстық көзқарастары басқаша қыздар көп екен. Андраде жасы басқаларынан кіші болғанына қарамастан 20 жекпе-жек өткізіп үлгерген, оның бесеуінде қарсыласынан ұтылып қалды. Қалған 15-ін жеңіспен аяқтаған.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или