Нұрбол Жұмасқалиев «Алтайдың» жиынына қосылады
«Тобылдың» көп жылдар бойы капитаны болған Нұрбол Жұмасқалиев жақын арада «Алтай» клубының жиынына барады.
Бұл туралы семейлік клубпен тығыз қарым-қатынас жасайтын Марлен Бейсебаев хабарлады.
« «Алтайдың» қысқы жиыны қарқынды жүріп жатыр. Командаға қақпашы Александр Григоренко («Тараз»), қорғаушы Владислав Кузьмин («Атырау»), жартылай қорғаушы Артем Касьянов («Жетісу») қосылды. Сонымен қатар, тағы бір тосын сыйымыз бар. Бізбен бірге Қазақстан футбол тарихындағы үздік сұрмергені, тек Қостанайдың ғана емес, еліміздің аты аңызға айналған футболшысы Нұрбол Жұмасқалиев те бар. Ол дәл қазір «Алтайдың» жинына ұшып барады», - деп жазды Бейсебаев facebook желісіндегі парақшасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или