Италиялық БАҚ: Максимовичке екі клуб таласып жатыр

Италиялық БАҚ: Максимовичке екі клуб таласып жатыр

Италиялық Tuttomercatoweb.com басылымының пікірінше, «Астананың» жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичке екі клуб талас жүргізеді.

Порталдың жазуынша, Максимовичке «Ювентус» пен «Валенсия» таласады. Басында Неманьяны испаниялық клуб сатып алатын болған еді, алайда бас бапкер Чезаре Пранделлидің орнынан кетуіне байланысты трансфер аяқталмай қалды. Енді орталық алаңда күшейтуді жоспарлап жүрген Италия чемпиондары да Максимовичті сатып алмақ.

Жартылай қорғаушының өзі осы қыста басқа клубқа ауысқысы келетінін мәлім еткен еді, «Ювентуста» ойнау арманы болғанын да айтып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или