Ильиннің олимпиада медалі Польша спортшысына бұйырды

Ильиннің олимпиада медалі Польша спортшысына бұйырды

Польша ауыр атлетика қауымдастығы сайтының жазуынша, осы елдің спортшысы Шимон Колецки ресми түрде Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиаданың 94 келіге дейінгі салмақтағы чемпионы атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Бейжіңде 2008 жылы алынған допинг-сынаманы қайта зерттеу нәтижесінде тыйым салынған зат алтын алған Илья Ильиннің, үшінші орын алған ресейлік Хаджымұрат Ақаевтың қанынан табылды. Ол кезде Шимон Колецки екінші, Грузияның атынан шыққан Арсен Касабиев - төртінші орынға ие болған еді. Енді олар, тиісінше, алтын, қола жүлделерді алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или