Алматыда Универсиада қарсаңында жеңілдіктер маусымы басталады
28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу қарсаңында Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін жеңілдіктер маусымы басталады, деп хабарлайды Baq.kz. <br /><br />Almaty Sales Festival аясындағы сатылым 2017 жылғы 20 қаңтардан 10 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтеді. Барлық 126 сауда ойын-сауық орталығы мен «street retial» үлгісіндегі дүкендерде азық-түліктен басқа тауарларға жеңілдік беріледі. <br /><br />Науқандық ұсыныстар Универсиада-2017 додасына орайластырылмақ. Байрақты бәсеке кезінде еліміздің түкпір-түкпірі мен шетелден көп турист келеді деп күтілуде. Универсиадаға әлемнің 58 елінен 2 000-нан астам спортшы қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или