Артық салмағы бар төрешілерге арықтауға тура келеді
Қазақстан футбол Федерациясының төрешілік Департаментіне жаңа боасшы болып сайланған Николай Левников отандық қазылардың жаңа міндеттерін айтып берді. <br /><br />Айта кетейік, төрешілер қаңтардың 5 мен 15 аралығында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. <br /><br />«Барлық төрешілер өздерінің кәсіби біліктілігін дәлелдеу керек. Трефолони қазылардың физикалық дайындығына қатты мән берген. Биыл артық салмағы бар төрешілерге қиын болады. Оларды ойындарға жолатпауымыз мүмкін. Футбол арбитрінің имиджі бар - ол спорттық тұлға. Төрешінің қарны шығып жүгіріп жүргені сырт көзге әдемі көрінбейді. Сондықтан, бұл мәселе де маңызды», - деді Николай Левников.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или