Ресми: Джон Оби Микел - «Тяньцзиннің» жаңа ойыншысы
«Челсидің» жартылай қорғаушысы Джон Оби Микел мансабын Қытайда жалғастырады.
29 жастағы нигериялық футболшы қытайлық «Тяньцзин» футбол клубына ауысты. Шетелдік басылымдарының мәліметтеріне сүйенсек, Микель үш жылдық келісімшартқа қол қойып, аптасына 118 мың фунт стерлинг жалақы алады.
Естеріңізге сала кетсек, жақында лондондық клубтың тағы бір ойыншысы Оскар қытайлық «Шанхай Шанган» командасына ауысқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или