Марез - Африканың үздік ойыншысы

Марез - Африканың үздік ойыншысы

АПЛ-дың үздік ойыншысы Рияд Марез Африка құрлығында да топ жарды.

«Лестер» мен Алжир құрамасының жартылай қорғаушысы 2016 жылдың қорытындысы бойынша Африканың ең үздік ойыншысы атанды.

Африка футбол Конфедерациясы ұйымдастырған сауалнамада Марез 361 ұпай жинады. Дортмундық «Боруссияның» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг екінші орын алса (313 ұпай), үздік үштікті «Ливерпульдың» жартылай қорғаушысы Садио Мане (186 ұпай) қорытындылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или