Кахабер Цхададзе: «Қайрат» бірінші ОЖЖ-да екі жолдастық кездесу өткізеді»

Кахабер Цхададзе: «Қайрат» бірінші ОЖЖ-да екі жолдастық кездесу өткізеді»

«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе алматылық клубтың баспасөз-қызметіне өзінің демалысы жайлы айтып берді. 

- Демалысты қалай өткіздіңіз?

- Керемет өткіздім! Отбасыммен бірге болдым. Бастапқы да Тбилисиде, кейін Еуропада болдық. Франция, Латвия және Италияны аралап шықтық. 

- Жаңа жылда «Қайраттың» жанкүйерлеріне айтар тілегіңіз бар ма? 

- Біріншіден, барлықтарыңызды Жаңа жылмен құттықтаймын! Барлықтарыңызға денсаулық және сәттілік тілеймін. «Қайрат» болса, жаңа маусымда әдемі ойын көрсетіп, биік белестерді бағындыруға тырысады. 

- Бірінші оқу-жаттығу жиынға қандай мақсат қойылды?

- Алғашқы оқу-жаттығу жиынында физикалық дайындыққа көп көңіл бөлеміз. Сондай-ақ, екі жолдастық кездесу өткізу жоспарымызда бар.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или