Максимович өзінің сүйікті командасына ауысуы мүмкін
Италия чемпионы «Ювентус» «Астананың» сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичке қызығушылық танытуда.
Tuttojuve.com басылымының мәліметтеріне сүйенсек, туриндік ұжым Максимовичті қаңтар айында сатып алмақшы.
«Ювентус» басшылығы 21 жастағы сербиялық футболшы үшін үш миллион еуроға ұсынуға дайын.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Максимович өз сұхбатында туриндік «Ювентусте» ойнағысы келетінін айтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или