Расул Мирзаевтың жағдайы нашарлап кетті
ММА-дан Ресей чемпионы Расул Мирзаевтың жағдайы ауыр. Бұл туралы оның досы Аниуар Чеченов айтты.
«Қазіргі таңда оның жағдайы нашарлап кетті. Беті мен денесіне травматикалық тапаншадан атылған оқ ауыр жарақаттар алып келді. Жағдайы ауыр», - деді Аниуар.
Досының айтуынша, ол келген кезде шабуыл жасалған жерде жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатқан. Сол сәтте ауруханаға алып кеткен, бүгінде әлі ем қабылдап жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбіде Мирзаевты бәзбіреулер ұрып, тапаншамен атып кеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или