Көліктегілеріміздің көңілі көтеріңкі
Қазақстандық "Астана Моторспортс" командасы Дакара-2017 додасының екінші кезеңін жақсы аяқтады. Жалпы турнирлік есепте МАN жүк көлігімен жүрген Артур Ардавичус үздік ондық қатарына енді. Ал Toyota көлігімен жүрген Денис Березовский бәсекелестерін тоғыз сатыға артқа тастады. Дакардың үшінші кезеңі 780 шақырымға созылады. Жарыс жолы Аргентина мемлекетінің аумағында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или