Вилли Евсеев: «Қазақстан құрамасында ойнауға дайынмын»

Вилли Евсеев: «Қазақстан құрамасында ойнауға дайынмын»

«Нюрнбергтің» намысын қорғап жүрген Теміртау тумасы Вилли Қазақстан құрамасында ойнауға қарсы емес екенін айтты. 

Әлем футболының жас жұлдызы Кевин Де Брюйнемен бірге «Вольфсбург» сапында жасындай жарқылдаған Вилли Евсеев қазіргі таңда екінші Бундеслигада тер төгіп жүр.   

- «Нюрнбергпен» келісімім жазда аяқталады. Құдайға шүкір, жарақатым жоқ. Өкініштісі, алаңға сирек шығып жүрмін.

- Қазір сіз «Нюрнбергтің» қосалқы командасында ойнап жүрсіз. Неліктен?

- Негізі бірінші команданың ойыншысымын. Бірақ кейбір ойындарда қосалқы құрамда отырып, артынша жастар командасында бірнеше матч өткіздім. Бұл командада өзімді мықты қырынан көрсете алатыныма сенімдімін, бірақ мұндай мүмкіндік беріп жатқан жоқ.  

- Дәл қазір қазақстандық клубқа ауысуыңыз мүмкін бе?

- Әрине, мүмкін. Менің ойымша, «Нюрнберг» менің трансферіме қарсы болмайды.

- Ол үшін сіз міндетті түрде Қазақстан азаматтығын алып, «қазақ футбол мектебінің түлегі» атанасыз. Бұған келісесіз бе?

- Келісемін. Қазақстан мен үшін бөтен мемлекет емес. Қазақстан құрамасында ойнауға дайынмын. 

- 21 жасында Бундеслигада өте жақсы ойын көрсеткен едіңіз. Қазір сізге не болды? 

- Денсаулығыма байланысты көп уақыт жоғалтып алдым. Әйтсе де, бұрынғыдан нашар ойнаймын деп айта алмаймын. Егерде бас бапкер маған үміт артса, бар өнерімді көрсетуге дайынмын. «Нюрнбергте» мен ешкімге керек емеспін. 

Естеріңізге сала кетсек, 24 жастағы германиялық футболшы Теміртау қаласында өмірге келіп, екі жасында Германияға қоныс аударды. Евсеев Германияның жасөспірімер құрамасында өнер көрсеткен.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или