Апаттан тірі қалған «Шапекоэнсе» ойыншыларының нөмірлері қолданысқа енбейді

Апаттан тірі қалған «Шапекоэнсе» ойыншыларының нөмірлері қолданысқа енбейді

Бразилиялық клубтың басшылығы апаттан аман қалған футболшылардың нөмірін олар қайта оралғанынша қолданысқа енгізбеу жайлы шешім шығарды, деп хабарлайды  «Шапекоэнсенің» баспасөз қызметі.  

«Шапекоэнсе» клубының директоры қызметін орындаушы  Руй Кошта,  тірі қалған  Алан Рушел, Нето мен Джексонның нөмірлері футболшылардың қайта оралғанына дейін қолданысқа енгізілмейтінін айтты. 

29-шы қараша күні футболшылар мен бапкерлер штабы отырған ұшақ Колумбияда апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан 71 жолаушы қаза болды.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или