Неманья Максимович – ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншысы
«Астананың» сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимович Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшы атағын қайтарып алды.
21 жастағы сербтің бағасы екіден үш миллион еуроға дейін өсті. Бұған дейін ҚПЛ-да қымбат болып тұрған Герсон Асеведо еді. Бірақ «Қайраттың» ойыншысы үш миллионнан 2,5 миллион еуроға арзандап қалды.
«Қайраттың» тағы бір футболшысының трансферлік құны 2,5 млн болды. Бұрын 1,8 миллионға бағаланған Жерар Гоудың құны 700 мың еуроға өскен.
Ал төртінші орынды «Астананың» жартылай қорғаушысы алды. Рохер Каньястың трансферлік бағасы былтырғымен салыстырғанда 500 мың еуроға өсті. Енді оның құны – 2 миллион.
«Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан үздік бестікті түйіндейді. Былтыр миллион еуроға бағаланған ол енді 1,8 миллион еуроға өсті. Бауыржан қазақстандық футболшылардың ішіндегі ең қымбат ойыншы атанды.