Жеңіл атлетикадағы жаңа дау-дамай

Жеңіл атлетикадағы жаңа дау-дамай

Халықаралық спорттық баспасөз қауымдастығының басшысы (AIPS) Джанни Мерло Халықаралық жеңіл атлетикалар қауымдастығының президенті (IAAF) Себастьян Коуға жеңіл атлетикадан барлық рекордтарды жоққа шығаруды ұсынды. Ашық хаттың мәтіні жайлы 3-ші желтоқсанда AIPS сайтында жарияланды. 

 
Джанни Мерло: «Меніңше, жеңіл атлетика бойынша әлемдік рекордтар кітабын жауып тастап, жаңасын ашатын уақыт жетті. Мұндай қажеттіліктің туындап отырған себебі - көптеген Олимпиада чемпиондары мен рекордшылары өздерінің марапаттарынан допингтің кесірінен айырылуда.Сол себепті енді жеңіл атлетиканың жаңа кезеңін ашса керемет болар еді. Ол болашақ буынның үмітін оятар еді».<br /><br />Айта кетейік, 2016 жылдың қаңтар айында тура осындай ұсыныспен Ұлыбританияның жеңіл атлетика федерациясының президенті Эд Уорнер де шыққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или