Нурмагомедов Фергюсонға жекпе-жек үшін 200 мың доллар ұсынды

Нурмагомедов Фергюсонға жекпе-жек үшін 200 мың доллар ұсынды

Ресейлік UFC файтері Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен жекпе-жек ұйымдастыру үшін өз қалтасынан 200 мың доллар төлеуге дайын екенін айтты. 

«Эй, Тони, егерде UFC саған лайықты ақша төлегісі келмесе, мен сенің сыйақына қосымша өз қалтамнан 200 мың доллар қосуға дайынмын. Енді сенің сылтауын жоқ, кел жекпе-жек ұйымдастырайық!», - деді Нурмагомедов. 

Тони Фергюсон бұл хатқа бірден жауап берді: «Мен Хабибтен ақша алғым келмейді. Екеуіміздің мақсатымыз ортақ. Менде саған солай қаржы ұсына аламын. Бірақ мәселе мұнда емес. UFC бұдан да көп табыс табады, яғни ұйым басшылығы екеуімізге лайықты сыйақы төлеуі тиіс».

Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында UFC басшысы Дана Уайт Фергюсон мен Нурмагомедов жеңіл салмақ дәрежесінде уақытша чемпиондық белбеуіне төбелесетінін айтқан болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или