Құраманың экс-бапкері Эстонияның ең атақты клубын баптайтын болды
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Арно Пайперс «Флора» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп жазады эстониялық клубтың ресми сайты. <br /><br />«Он үш жылдан кейін клубқа қайта оралғаныма қуаныштымын. 2004 жылы кеткеннен кейін Эстониямен байланысым үзіліп қалмады. Мен UEFA PRO бапкерлерін дайындау басқармасында және Эстония жасөспірімдер құрамасында жұмыс істедім. Клуб жастарға көп көңіл бөледі. Алға жылжу үшін бұл жерде барлық жағдай жасалған», — деді Пайперс.<br /><br />Арно Пайперс «Флорада» 2000-2004 жылдар аралығында қызмет атқарды. Сонымен қатар, голландиялық маман Қазақстан ұлттық құрамасы, «Астана» және «Тараз» командаларын баптаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или