«Ливерпуль» Джо Хартты сатып алудан бас тартты

«Ливерпуль» Джо Хартты сатып алудан бас тартты

Sky Sports басылымының мәліметтеріне сүйенсек, «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп Джо Хартқа қызығып жүрген жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, биыл «қызылдардың» екі қақпашысы да Лорис Кариус пен Симон Миньоле жиі қателесуде.  

Харт қазіргі таңда Италия чемпионатында «Ториноның» намысын қорғап жүр. Биылғы маусым алдында 29 жастағы қақпашы «Манчестер Ситиге» керек болмай қалды.  

Биыл Харт «Торино» сапында 17 матч өткізіп, 23 гол жіберді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или