«Ақтөбенің» бес ойыншысы «Нефтехимикке» ауысуы мүмкін
Биыл «Ақтөбенің» намысын қорғаған бес ойыншы мансабын ресейлік «Нефтехимикте» жалғастыруы ықтимал.
«БИЗНЕС Онлайн» басылымының ақпаратына сүйенсек, шабуылшы Бобир Давлатов, жартылай қорғаушы Михаил Петролай, қорғаушылар Егор Сорокин мен Марат Ситдиков ресейлік клубқа ауысуы мүмкін. Сондай-ақ, жанкүйерлердің пікірінше үздік атанған Никита Бочаров та «Нефтехимик» ойыншысы атануы ықтимал. Алғашқы төртеуі «Ақтөбеде» жалда ойнаса, Бочаров әлі де болса, қазақстандық клубтың футболшысы саналады.
Естеріңізге сала кетсек, осы футболшыларды биыл «Ақтөбеге» алып келген бас бапкер Юрий Өткелбаев жақында «Нефтехимиктің» тізгінін ұстаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или