Роналду қытайлықтардың ақшасын менсінбеді
Goal.com сайтының хабарлауынша, «Реалдың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду ең көп жалақылы спортшы атанғысы келмейтінін дәлелдеді.<br />Роналду: «Жоғарғы дәрежедегі ойын көрсетуге әлі бірнеше жылым бар. Менің «Реалдан» бөлек «Найкпен» үлкен келісімшартым бар. Ол келісімдерден түсетін ақша маған жеткілікті. Ол жақсы ойнауыма үлкен серпіліс береді».<br /><br />Football leaks басылымының айтуынша, Роналду онсыз да бай ойыншы, 2015 жылы 227 миллионов еуро табыс тапқан. ал 2016 жылы португалиялық футболшы америкалық спорт өнімдерін шығаратын «Найк» компаниясымен жылына 24 миллион доллар алатын ғұмырлық келісімшартқа қол қойған.
Айта кетейік, қытайлық клуб Криштиануға жылына 150 миллион еуролық жалақы ұсынған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или