Жас құрамамыз нәтиже көрсетуі тиіс
Қазақстанның керлинг бойынша құрамасы 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға соңғы дайындықтарын өткізуде.
Қазақстандық керлингшілер қараша айында Оңтүстік Кореяда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, Тынық мұхиты-Азия ойындарында өнер көрсетіп қайтты. Құрама Қысқы универсиадаға дайындығының қорытынды кезеңін Алматы қаласында өткізуде.
Қазақстанда керлинг спорты өте қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі болып табылады. 1998 жылдан бастап осы спорт түрі олимпиада бағдарламасына енгізілді. Қазақстан Республикасы Керлинг қауымдастығының бас хатшысы Виктор Кимнің сөзіне қарағанда, Қысқы универсиадада жас командамыз жақсы нәтиже көрсетуі тиісті.

«Біз Қазақстанның тоғыз аймағындағы спортшылардан ұлттық құраманы жинадық. Олардың барлығы керлинг десе, ішкен асын жерге қоятын, осы спорт түрімен шұғылданғысы келетін қыз-жігіттер. Командамызда қазір 20 адам бар, барлығы өнер көрсетуге сақадай дайын отыр. Алайда олардың керлингпен айналысып жүргеніне бар-жоғы 1-2 жыл ғана болғанын ескеру қажет. Ал Универсиада кезінде әлемдік деңгейдегі командалар қашанда күшті құраммен қатысады, бұл өзі солай тарихи тұрғыда қалыптасып кеткен. Универсиада - маңыздылығы жағынан Олимпиада ойындарынан кейін екінші орында тұрған жарыс. Оған Ресей, Швейцария, Чехия, Германия, Швеция, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония секілді елдерден әлемнің мықты командалары қатысады. Әрине, олармен бәсекеге түсу қиын болмақ, алайда біз бүкіл күшімізд салып күреспекпіз. Универсиадаға дайындығымыз қызу жүріп жатыр. Қолымыздан келетіннің бәрін жасаудамыз. Жарыстар жақындаған сайын бәріміз толқып жүрміз, өйткені өз елімізде сайысқа түсу - біз үшін үлкен жауапкершілік. Біздің ойнымызды жанкүйерлеріміз тамашалайтындықтан, бүкіл күшімізді салып, аянбай ойын көрсетуіміз қажет», - деді Қазақстанның керлингтен әйелдер құрамасының скибі (бас капитаны) Рамина Юничева.

Универсиада-2017 аясында керлинг жарысы «Алматы-Арена» кешенінде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или