Уақытша шеттетілген ресейлік алты шаңғышының дисквалификациясы өзгеріссіз қалды
Халықаралық шаңғы спорты Федерациясының (FIS) допингтік комиссиясы ресейлік алты шаңғышының халықаралық жарыстардан шеттету жайлы шешімін өзгертпеді.
Комиссия бірауыздан ресейліктердің қарсы шағымын қабылдамау жайлы шешім шығарған. Нәтижесінде, Александр Легков, Евгений Белов, Максим Вылегжанин, Алексей Петухов, Юлия Иванова және Евгения Шаповалова 31-ші желтоқсан басталатын «Тур де Ски» жарысына қатыса алмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или