Роналду Усейн Болттың шаңына да ілеспеді
Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы (AIPS) 2016 ерлер арасында жылдың ең үздік спортшыларын анықтады.
Дауыс беру шарасына 110 мемлекеттен 382 журналист қатысқан. Қорытындысында ямайкалық спринтер алтыншы рет жылдың ең үздік спортшысы атанып, рекорд орнатты. <br />
Усейн Болт үшін 2016 жыл сәтті болды. Ол үш Олимпиадада (Пекин, Лондон, Рио) 100, 200 және эстафеталық сында алдына жан салмаған. Нәтижесінде 9 рет Олимпиада чемпионы атанып, ең көп жеңіске жеткен жеңіл атлеттер Пааво Нурми (Финляндия) және Карл Льюиспен (АҚШ) теңесті. Бірақ олардан басты ерекшелігі, ямайкалық желаяқ Олимпиада ойындарында жеңіліс дәмін татпаған.
<br />«AIPS» нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшылары:
Ерлер: 1. Усэйн Болт (Ямайка, жүгіру) – 1149 дауыс (33,42 %)
2. Майкл Фелпс (АҚШ, суда жүзу) – 490 (14,25%)
3. Криштиану Роналду (Португалия, футбол) – 387 (11,26%)
4. Энди Маррей (Ұлыбритания, теннис) – 159 (4,62%)
5. Нико Росберг (Германия, «Формула-1») – 146 (4,25%)
6. Лионель Месси (Аргентина, футбол) – 124 (3,61%)
7. Леброн Джеймс (АҚШ, баскетбол) – 119 (3,46%)
8. Новак Джокович (Сербия, теннис) – 114 (3,32%)
9. Мо Фара (Ұлыбритания, жүгіру) – 91 (2,65%)
10. Хуан Мартин Дель Потро (Аргентина, теннис) – 90 (2,62%)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или