Юлия Галышева могулдан басты үмітіміз

Юлия Галышева могулдан басты үмітіміз

Қазақстандық фристайлшы қызымыз Юлия Галышева 2017 жылы Алматы қаласында өтетін Қысқы универсиадаға дайындығын жалғастыруда. Отандасымыз Универсиаданың қазіргі чемпионы ретінде могулдан басты фаворит саналады.

Юлия Галышева қазір әлем кубогының кезеңдеріне және Алматыдағы Қысқы Универсиадаға дайындалып жатқанын айтты:
«Біз өз елімізде, Өскемен баурайында жаттығудамыз, бәрі ойдағыдай өтуде. Кейбір күндері жаттығу залына, жеңіл атлетикалық манежге барып тұрамыз. Бәрі әдеттегідей. Универсиаданың қазіргі чемпионы болу өзіме деген сенімділікті арттыруда».

Юлия Галышева 29 қаңтарда Алматыға ұшып келеді, ал 30 қаңтарда Универсиада аясында фристайлшылардың алғашқы жаттығулары өтеді. Универсиададан кейін Юлия Әлем кубогының кезеңіне үшін Жапонияға аттанбақ.

Юлия Галышева Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы және бірнеше дүркін жүлдегері, 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері және 2015 жылғы Қысқы универсиаданың жеңімпазы болып табылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или