Тевес жалақысы көп футболшы атануы мүмкін

Тевес жалақысы көп футболшы атануы мүмкін

Аргентиналық шабуылшы Карлос Тевес қытайдық "Шанхай Шенхуа" командасына ауысты.

Осыған дейін ол өз отанындағы "Бока Хуниорста" өнер көрсетті. Кәрі құрлықта адуынды аяқдопшы "Вест Хэм Юнайтед", "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити" және "Ювентус" командаларында ойнады. Тевес Англияның 3 дүркін, Италияның екі дүркін чемпионы. "Манчестер Юнайтед" сапында Чемпиондар лигасын жеңіп, тіпті клубтар арасындағы әлем біріншілігінде де топ жарды. Лек-легімен Қытайға сабылған атақты ойыншылардың ішінде Тевестің шоқтығы биік екені анық. Алып-қашпа әңгімелерге сенсек Тевестің бір жылдық жалақысы 40 миллион еуроны құрауы мүмкін. Ондай болатын болса, аргентиналық әлемдегі жалақысы көп футболшы атануы ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или