Ұлттық құраманың экс-бапкері жылдың үздік ТОП-10 рейтингісіне кірді

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы Федерациясы (IFFHS) жыл сайынғы ұлттық құрамалардың үздік бапкерлері рейтингісін жариялады.

2016 жылдың үздік бапкері ретінде Португалияның бас бапкері Фернанду Сантуш рейтингіде бірінші тұр. Ол 199 ұпай жинаған.
Сонымен қатар, ондыққа Қазақстан құрамасының экс-бапкері, қазіргі күні Венгрия құрамасын баптап жүрген Бернд Шторк (1) кірген.
2016 жылдың IFFHS рейтингісі:
1. Фернанду Сантуш (Португалия) — 199
2. Ларс Лагербек (Исландия) — 71
3. Йоахим Лев (Германия) — 62
4. Крис Коулмэн (Уэльс) — 61
5. Дидье Дешам (Франция) — 52
6. Антонио Конте (Италия) — 17
7. Анте Чачич (Хорватия) — 8
8. Тите (Бразилия), Марк Вильмотс (Бельгия) — 3
10. Бернд Шторк (Венгрия), Адам Навалка (Польша), Эндж Постекоглу (Австралия) — 1.
Естеріңізге сала кетейін, Шторк 2008-2011 жылдар аралығында Қазақстанда жұмыс істеген болатын. Ол «Алма-Ата» және «Цесна», жасөспірімдер құрамасы (U-19) мен ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарды. Оның қол астында ұлттық құрама 14 ойын өткізіп, 11 матчта жеңіліп қалған еді.