«Ақтөбе» ФК трансферіне байланысты соңғы жаңалықтар
Кеше «Ақтөбе» ФК қаңтар айында Түркияға алғашқы ОЖЖ-на баратын жергілікті ойыншылардың тізімін жариялады.
Олар - Бағдат Қайыров, Асланбек Кәкімов, Антон Шурыгин, Игорь Трофимец, Әбілхан Әбдікәрімов, Игорь Бойчук, Мұхамбет Тамабай және Саят Жұмағали. Нұрбол Жұмашев пен Евгений Дяденко бойынша әлі шешіле қоймаған, қазір оларды басты команда немесе дубль құрамына жіберу шешіліп жатыр. Көріп отырғандарыңыздай, бұл тізімде Дидар Жалмұқан мен Абат Айымбетов жоқ. Естуімізше, Абат пен Дидар басқа клубтардың ұсыныстарын қарастырып жатқан көрінеді. Келіссөздері сәтті шығып жатса, қос ойыншыны ҚПЛ командаларының бірінен көріп қалуымыз ғажап емес.

Командада нақты қалған қазақстандықтарға келер болсақ, Кирилл Шестаков пен Самат Отарбаевпен келісімшарт ұзартылды. Рақымжан Розыбакиев және Дамир Дәуітов те шартқа қолдарын қойып үлгерді. Қандастарымыз Берік Айтбаев, Рафқат Аслан, Бауыржан Байтана әлі де болса қаралымда, бірақ келісімге келулері бек мүмкін. Жанкүйер құлағын елең еткізген және бір трансфер бар, әрине Марат Хайруллиннің командамызға қайта оралуы, басшылық Мараттың командаға Түркияда қосылатынын растады. Командада әлі де болса көк төлқұжаты бар ойыншылар болары анық.

Легионерлер жайлы сұрақтарға әлі нүкте қою ерте. Бас бапкер Игорь Рахаев мырза әзірге тек серб Вук Митошевичпен келіссөз жүріп жатыр деген еді, қалған легионерлердің аттары айтылмады, бір анығы, олар Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына жиналмақ. Ол жерде былтырғы легионерлер де болуы мүмкін немесе мүлде жаңа легионерлерді көріп қалуымыз ғажап емес.

Ал Егор Азовский мен Виктор Крюков командадан кетті.