«Милан» 17 жасар ойыншысына 5 млн еуро жалақы бермек

«Милан» 17 жасар ойыншысына 5 млн еуро жалақы бермек

«Милан» жас қақпашысынан айырылып қалмас үшін оған қомақты сома беруге дайын.

«Россонери» басшылығы Доннарумманың 18 жасқа толғанын күтіп отыр. 25 ақпанда Джанлуиджиге 2022 жылға дейін келісім-шарт ұсынылады, ал жалақысы жылына 5 млн еуро болады.

17 жасар қақпашы өткен аптада өз командасына соңғы 5 жылдағы алғашқы титулын алып берген болатын. 23 желтоқсанда «Милан» пенальти сериясында «Ювентусты» жеңіп, Италия Суперкубогын ұтып алды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или