Универсиада-2017 еріктілерін іріктеу жұмысы аяқталды

Универсиада-2017 еріктілерін іріктеу жұмысы аяқталды

28 желтоқсан күні  28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізуге атсалысатын еріктілерді іріктеу байқауы аяқталды.

Еріктілерді жинау кезінде 14 мыңнан астам өтінім келіп түсті.
Өтінімдер жазбаша сауалнама түрінде, сондай-ақ, Универсиада сайтында онлайн арқылы қабылданды. Барлығы 14 165 өтінім жіберіліп, басым көпшілігі алматылықтардан келіп түсті.

Айта кететін жайт, Универсиада-2017 еріктісі атанғысы келетіндердің қатарында жақын көршілеріміз - ресейліктер де бар. Барлығы 3594 адам өтінім жіберген. Өтінімдер Қазақстан өңірлерінен, сонымен бірге, Италия, Канада, АҚШ, Қытай, Ливан, Ұлыбритания, Гонконг, Украина, Молдавия, Өзбекстан секілді алыс және таяу шетелден де келіп түсті. 
 Қазақстан Республикасы өңірлерінен, сонымен қатар алыс және таяу шетелден қатысатын еріктілер саны 200-ден асатындығы қазір белгілі болып отыр.

Жастар Универсиада-2017 аясындағы еріктілер бағдарламасына әр түрлі себептерге байланысты үлкен қызығушылық танытып отыр. Өйткені осындай ауқымды оқиғаға атсалысудың арқасында олар шет тілі дағдыларын жақсартып, халықаралық жобада баға жетпес тәжірибе жинауға, жаңа адамдармен танысып, өзін тату команданың мүшесі ретінде сезінуге, аса әсерлі өтетін спорт сайыстарын өз көзімен тамашалауға, т.б. мүмкіндіктерге қол жеткізбек. Ең бастысы, еріктілердің барлығы 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы лайықты деңгейде дайындап, оны өткізуге шын ниетпен өз үлестерін қоспақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или