Роналду Globe Soccer Awards тұжырымы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды

Роналду Globe Soccer Awards тұжырымы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды

Мадрид "Реалының" және Португалия құрама командасының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду Globe Soccer Awards тұжырымы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды. Мұндай атаққа ол үшінші рет қол жеткізіп тұр. Әлем футболының алпауыттары бас қосқан салтанатқа Роналду келе алмады. Жүлдені Флорентино Перес апарып беретін шығар. Перестің өзі үздік клубтық президент атауы бойынша жүлде алды. Үздік команда ретінде "Реал" танылды. Португалия құрама командасының бас бапкері Фернанду Сантуш ең үздік жаттықтырушыға тиесілі сый-сияпатпен марапатталды. Чемпиондар лигасының финалында қазылық еткен Марк Клаттенбург үздік төреші атанды. Салтанатты жиынға ФИФА президенті Инфантино, футбол саңлағы Диего Марадона бастаған беделді тұлғалар қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или