Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы төбелестен кейін ауруханаға түсті

Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы төбелестен кейін ауруханаға түсті

Англия құрамасының экс-ойыншысы Пол Гаскойн Лондондағы қонақ үйлердің бірінде болған төбелестен кейін ауруханаға жеткізілді.   Daily Mail берген ақпарат бойынша, Гаскойн алкогольды сусындарды шамадан тыс қолданып, қоғамдық тыныштықты бұзып, рассисттық сөздерді айтқан. <br /><br />Қонақ үй қонақтарының бірі бұрынғы футболшымен сөзге келіп қалып, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Гаскойн баспалдақтан құлап, бас сүйегі мен миы зақымданып,  ауруханаға түсті. <br /><br />Футболшы мансабында ол  «Ньюкасл», «Мидлсбро», «Эвертон», «Тоттенхэм», «Лацио» және «Рейнджерс» сапында ойнаған болатын. Сонымен қатар, Гаскойн Англия футболының даңқ залына енген. Англия құрамасы сапында 57 ойын өткізіп, он гол соққан. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или