Энгель Германияға қайта оралуға жақын

Энгель Германияға қайта оралуға жақын

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Константин Энгель германиялық клубқа ауысуы мүмкін.

Noz.de порталының ақпараты бойынша, 28 жастағы футболшы үшінші бундеслигада ойнайтын  «Оснабрюк»  клубына ауысуы мүмкін. Сонымен қатар, Энгель мен клуб арасындағы келіссөз аяқталуға жақын екені жазылған. Аталмыш басылым қорғаушының «Астана» клубымен келісім шарт мерзімі аяқталмағанын да атап өтті.

Энгель мансабын «Оснабрюк» клубында бастаған.  2004-2011 жылдары осы команда сапында доп тепті. Кейіннен «Энерги» және «Ингольштад 08» клубында ойнап, Қазақстан құрамасы сапында 9 ойын өткізді.

«Ингольштад» құрамында екінші бундеслигада жеңіске жетіп, Германияның жоғарғы дивизионына шыққан. Бірақ, жарақат алуына байланысты негізгі құрамға іліне алмады. Маусым соңында еркін агент ретінде «Астанаға» ауысқан еді.  Астаналық клуб сапында ресми матчтарға шықпады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или