Роналду Globe Soccer Awards жүлдесін жеңіп алды
Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2016 жылдың үздік футболшысы ретінде Globe Soccer Awards жүлдесін жеңіп алды.
Аз уақыт бұрын төртінші рет «Алтын допты» иеленген Криштиану Роналду 2016 жылы Португалия құрамасымен бірге Еуропа чемпионатында топ жарса, «Реал Мадрид» сапында Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.
Жылдың үздік клубы атағын «Реал» алса, Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш жыл бапкері атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или