Арменияда жанжал. Мхитарян үздік спортшылар тізіміне кіре алмай қалды

Арменияда жанжал. Мхитарян үздік спортшылар тізіміне кіре алмай қалды

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян 2016 жылдың қорытындысы бойынша Арменияның үздік 10 спортшысы қатарына ене алмай қалды.

Алғашқы ондыққа үш балуан, бес ауыр атлет және екі гимнаст кірді. Бірінші орынды Рио Олимпиадасының чемпионы балуан Артур Алексанян алды.

«Біздің барлық спортшымыз да жоғары бағаларға лайықты. Бірақ Мхитарян әлемдегі нөмірі бірінші спорт футболдың дамуына үлкен үлес қосты. Жылдың үздік спортшысы атағына үміткерлер тізімін жасағандардың бәрі де осыны жақсы біледі. Бірақ олар ондыққа футболшыны қосқысы келмейді. Сол шенеуніктер футболды аяққа таптағысы келеді.

Ең жаманы сауалнамаға қатысатын сғорт журналистерінің көбі өз «бизнесін» футболдан, Генрих Мхитаряннан бастап, күнді сол Мхитарянмен аяқтайды», - дейді Армения футбол федерациясының президенті Рубен Айрапетян.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или