Қостанай спорт мектебінің 3,5 миллион теңгесі жымқырылды
Қостанайда спорт мектебінің бас есепшісі сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп, ысрап еткені үшін 6 жылға сотталды. <br /><br />Қостанайда балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бас бухгалтері Олеся Дациева бюджеттен 3,5 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны үшін сотталды. Қостанай №2 соты оны ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оның мүлкін тәркілей отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Дациеваның 2012-2015 жылдар кезеңінде жарыс өткізу барысында қаржы шығындарын төлеген кезде корпоративтік карточкадан барша қатысушыға, бапкерге арналған қолма-қол қаражатты шешіп алып, ақшаны кассаға қайтармағанын дәлелденді. Жұмсалған қаражаттың жалпы саны шамамен 1,4 миллион теңгені құрады. Дациева корпоративтік карточкадан тағы 1,9 млн. теңгені шешіп алып, өз қажетіне жұмсаған.
Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындамады. Дациеваның айтуынша, бұл оқиға мектептің жаңа директорымен жұмыс және жеке мақсаттағы дау-дамайы кезінде болғанын.
Айта кетейік, бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеумен қоса, әкімшілік-шаруашылық қызметтерге байланысты мемлекеттік қызметте лауазымды қызметті иелену құқығынан айырылды. Дациева дене шынықтыру, спорт бөліміне жұмсалған бюджет шығынын қайтаруға міндетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или