Денис Тен: «Жаңа жыл мейрамын тойламаймын»
Денис Тен өзінің жоғарғы дәрежелі спортшы екенін дәлелдеді.
2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Универсиадаға деген дайындығы жайлы айтып берді: <br />«Өз елімізде өтетін осындай спорт шараларында өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Оған қоса мен Қазақстаннан бөлек өзім білім алып отырған Қазақ-Британ техникалық университетінің атын қорғаймын. Алматы қаласында салынған зәулім спорт сарайлары шет елден келген қонақтарды қуантатынына күмәнім жоқ. Олар Алматының Универсиядаға деген дайындығына тәнті болады».
Денис Тен: «Универсиада ойындары аяқталмай еш нәрсе жоспарламаймын. Күнде жатығу жасаудамын. Тіпті Жаңа жыл мейрамын тойламаймын. 1-ші қаңтар мен үшін жұмыс күні. Жаттығуым таң атқанда басталады. Мейрамды күткенше, жаңа белестерді бағындыру амалдарын іздеуді жөн көремін».