Cпорттық балық аулау Олимпиаданың бағдарламасына енгізілуі мүмкін

Cпорттық балық аулау  Олимпиаданың бағдарламасына енгізілуі мүмкін
BBC арнасының хабарлауынша, Халықаралық спорттық балық аулау конфедерациясы аталмыш спорт түрін 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының тізіміне енгізу жөнінде өтінішін жіберді.
 
Конфедерация басшысы Ференц Салаидың ТАСС басылымына берген сұхбатында, ежелден келе жатқан әрі таза бәсеке - балық аулау. Сонымен қатар, балық аулау барлық құрлық бойынша ойындардың бағдарламасына енсе, Олимпиада қозғалысы ерекше әмбебап бола түседі деген пікір бар. Бұл ретте жарыс кезінде ұсталған балықтың бүтін күйінде қайтадан суға жіберілетіні ерекше айтылуда. Дегенмен, аталмыш спорт түріне сын айтушылар да жоқ емес. Олардың пікірлерінше, жарыстың нәтижесі көбіне сәттілікке байланысты.  
Айта кетейік, тамыз айында Халықаралық олимпиада комитеті каратэ, серфинг, бейсбол/софтбол, құзға өрмелеу мен скейтбординг сияқты спорт түрлерін Токиода 2020 жылы өтетін Олимпиада бағдарламасына енгізді. Бұл мәселе жөнінде шешім ұйымның 129 сессиясында Рио-де-Жанейрода бірауыздан қабылданған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или