Сәбина Алтынбекова: «Тек қазақ жігітіне тұрмысқа шығамын»
Тайбэйде өткен жасөспірім қыздар арасындағы воллейболдан 17-ші Азия чемпионаты кезінде ерекше сұлулығымен шетелді шулатқан Сәбина Алтынбековаға шетелдіктердің тарапынан тұрмысқа шығу туралы ұсыныстар жиі жасалады екен деп хабарлайды қазақстандық басылымдар. Алайда сүйкімді волейболшы қызымыздың негізгі мақсаты спортшы болу.
Сәбина Алтынбекова: «Шынымды айтсам, менің жігіт туралы ойлайтын уақытым жоқ. Ұсыныс жасап жүрген жігіттер бар. Бірақ, олар күтеді деп ойлаймын. Жігіттерге қатысты сұрақ маған ыңғайсыздау. Себебі, менде ондай ой жоқ. Маған көбіне спортшылар үйленуге ұсыныс жасайды. Өзге ұлт өкілдерінен де көңіл білдіретіндер болады. Бірақ, мен тек қазақ жігітіне тұрмысқа шығамын. Спортқа көңіл бөліп, уақытымның көп бөлігін жаттығу залында өткіземін. Мен спортты тастамаймын, сән агенттері мені еш қызықтырған емес. Менің жоспарларым тек спортпен байланысты».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или