Eurosport телеарналары Универсиаданы тікелей эфирде көрсетеді
2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан арасында Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді. 30 қаңтардан бастап бұл сайыстарды Eurosport 1 және Eurosport 2 телеарналары тікелей эфирде көрсетпек.
Көрермендер биатлон, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, сноуборд және фристайлдан өтетін сайыстарды тамашалай алады.
Сондай-ақ, аталмыш телеарналар ерлер арасындағы хоккей турнирінің жартылай финал және финалдық матчтарын көрсетуді жоспарлап отыр.
Жалпы алғанда, көрермендерді 30 сағатқа жуық тікелей эфир күтіп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или