«Ақжайықтың» ойыншысы Киевте үздік атанды

«Ақжайықтың» ойыншысы Киевте үздік атанды

Осы маусымда оралдық «Ақжайықта» ойнаған Денис Төлебаев демалыс уақытында да футболдан алыс кеткен жоқ.

Төлебаев «Виноградарь-Локо» командасы сапында Демьяненко Кубогына қатысып, командасына финалға жетуге көмектесті.

29 жастағы голкипер Кубоктың алты ойынында бір ғана гол жіберді. Ширек финалда Төлебаев «Легендаға» (1:0) қарсы ойында үздіктердің бірі болды, жартылай финалда да өз қақпасын голдан аман алып қалды. «Одессаға» қарсы ойын 2:0 есебімен аяқталды.

Тек финалда ғана қазақстандық қақпашы гол жіберіп алды. Catanzaro-мен ойында Украина құрамасының жартылай қорғаушысы Денис Гармаш оған пенальтиден гол соқты. Бұған қарамастан, Төлебаев ойынды сенімді өткізді.

Осылайша, Денис Төлебаев турнирдің үздік қақпашысы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или