«Шапакоэнсе» қасіреті. Ұшақ апатының тағы бір себебі анықталды

«Шапакоэнсе» қасіреті. Ұшақ апатының тағы бір себебі анықталды

«Шапакоэнсе» футболшылары отырған ұшақтың апатқа ұшырауының тағы бір себебі анықталды, деп хабарлайды Sputnik агенттігі Колумбия азаматтық авиация басқармасына  (Aerocivil) сілтеме жасап. Ұшақтың артық салмақпен ұшқаны белгілі болды. 

«Ұшақ максималды салмағынан (41,9 тонна)  асып кеткен», - деп мәлімдеді Колумбия азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Фредди Бонилья. <br /><br />«Р-спорт» Ассошиэйтед Пресске сілтеме жасап берген ақпараты бойынша, ұшақта артық жанармай болмаған. Бұның бәрі адами қателіктердің кесірінен болған жағдай. Бәрі ұшудың дұрыс жоспарланбағанынан басталды. Экипаж жанармайдың жетіспеушілігі жайлы білген, бірақ бұл жайлы олар тек ұшақты төтенше жағдайда қондыра алмайтын кезде хабарлаған болатын. Ұшу барысында экипаж командиры мен екінші пилот жолда жанармай құю жайлы бірнеше рет сұхбаттасқаны белгілі болды. Бірақ, белгісіз жағдайларға байланысты бұл ойларынан бас тартқан. Ұшақ Колумбия аумағына кірген кезінде әуе кемесіне қарсы жел соғып, жанармай шығыны еселеніп кеткен. 

Тергеу жұмыстары кезінде апатқа алты минут қалған кезде ұшақ екі минут бойы бір қозғалтқышпен қалықтағаны анықталды. 

21-ші желтоқсан күні  пилот Мигель Кирога мен  LaMia компаниясы апатқа кінәлі деп танылды.<br /><br />Медельинге бет алған ұшақ 28-ші қараша күні түнде апатқа ұшыраған. Әуе кемесінде 68 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған. Алты адам тірі қалды. Оның үшеуі футболшы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или