«Барыстың» шабуылшысы маусым соңына дейін ойнай алмайды

«Барыстың» шабуылшысы маусым соңына дейін ойнай алмайды

Астаналық «Барыстың» шабуылшысы Роман Старченко ҚХЛ-дағы маусымның соңына дейін алаңға орала алмайды.

ҚХЛ  ресми сайтының ақпаратына сүйенсек, Старченко 2017 жылдың 20-шы қазанына дейін жарақат алғандардың қатарына қосылған. Әзірге жарақат алу себебі анықталмады.

Старченко соңғы рет 21-ші желтоқсан күні өткен «Адмиралға» қарсы ойынға шыққан болатын. Осы маусымда шабуылшы 41 матч өткізіп, 20 (11 шайба + 9 пас) ұпай жинап алды. <br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или