Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның үстел теннисі Федерациясын басқарады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның үстел теннисі Федерациясын басқарады

ҚР үстел теннисі Федерациясын Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын болды. Бұл шешім 26-шы желтоқсан күні өткен кезектен тыс Федерациялар конференциясында қабылданған.

Бұл қызметті осыған дейін Бақтықожа Ізмұхамбетов атқарған болатын. Бас хатшы қызметіне Данияр Әбілғазин келді.

«Конференция қатысушыларына атқарған ісі мен маған артқан сенімі үшін алғыс айтамын. Біз үшін жаңа төртжылдық басталғалы тұр. Алдымызда Токиода өтетін Олимпиада ойындары бар. Үстел теннисінен жаңа белестерді бағындыру үшін ұзақ жол жүруіміз керек. Сол үшін де аймақтардағы материалдық базаны дамытып, бапкерлер мен спортшылардың деңгейін өсіріп, халықаралық аренада Қазақстанның үстел теннисіндегі орнын көрсетуіміз керек. Федерацияның негізгі мақсаттарының бірі - үстел теннисін дамытып, осы спортқа жалпы ұлттық сипат беру. Сонымен қатар, халықаралық қатынастарды дамытып, үстел теннисін дамытудағы ең үздік әдістерді қолдану керекпіз», - деді  Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейін, осы жылы Қазақстан Риодағы Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын. Рио-де-Жанейрода Қазақтанның атынан Кирилл Герасименко жарысқа түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или