Эрик Бикфалви Ресей чемпионатының топ клубтарына ауысқысы келеді
«Томь» футбол клубының жартылай қорғаушысы Эрик Бикфалви мансабын Ресей чемпионатында жалғастырмақ.
Бұл туралы «Р-Спорт» басылымы хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында ресейлік БАҚ румыниялық футболшының «Қайратқа» ауысатынын жазған болатын. <br /><br /> Бикфалвидің агенті Даниэл Драгоштың айтуынша, Эрик Ресейде қалғысы келеді.
- Екі-үш ресейлік командадан ұсыныс түсті. Нақты шешім қаңтар айында қабылдаймыз. Бикфалви Ресейдің топ клубтарына ауысуға дайын. «Урал» және «Оренбургтың» ұсыныстары Эрикке қызық емес, - деді ойыншының агенті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или