Биатлоннан Қазақстан чемпионатының үшінші жарыс күні мәресіне жетті
«Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде биатлоннан Қазақстан Республикасы чемпионатының үшінші жарыс күні өтті. Бұл 2017 жылы Алатау баурайында алауы тұтылатын қысқы Универсиада қарсаңында ұйымдастырылған тесттік жарыс.
BNews.kz порталының хабарлауынша, биатлоннан ізге түсу жарысы (пасьют) бойынша ерлер мен жасөспірімдер бақ сынады. Нәтижесінде, 12,5 шақырымыдық жарыста ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының өкілі Ян Савицкий жеңіс тұғырынан көрінсе, Антон Пантов екінші орынға жайғасты.Үздік үштікті Максим Браун қорытындылады.
Юниорлар арасында алтын алқаны Петр Ермоленко жеңіп алса, Дионис Родунер мен Роман Пушкарев сәйкесінше күміс және қола жүлдегер атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или